Азық-түліктің баға индексі бір аптаның ішінде 0,1% төмендеді

азық-түлік бағасы
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі бір аптаның ішінде 0,1%, ал жылдық мәнде 0,8% төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті. 

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы төмендегідей бағада.

2024 жылғы 4 маусымдағы көрсеткіш бойынша: 

Тұз – 66 тг/кг 

Сәбіз – 195 тг/кг

Құмшекер – 421 тг/кг

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.  

Соңғы жаңалықтар
telegram