Әзірбайжан әскери бюджетін бір жарым есеге көбейтеді

АСТАНА. Қазанның 25-і. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Парламенті әскери шығындарды 1,6 есе ұлғайтуды көздейтін 2011 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасын бекітті, деп хабарлайды Reuters.

Әзірбайжан әскери бюджетін бір жарым есеге көбейтеді

Белгіленген құжатқа сәйкес, Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі 2011 жылы 2,5 миллиард манат (3,1 миллиард доллар) алатын болады. 2010 жылы бұл көрсеткіш 1,6 миллиард манатты көрсеткен болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Әзірбайжан мұншама ірі көлемде қорғаныс бюджетін ұлғайтуды жоспарлаған жоқ. 2010 жылғы қазанның 6-сында елдің әскери бюджеті 2011 жылы он пайызға өсіп, 1,325 миллиард манатқа жетеді делінген еді. Аталған соманың 1,237 миллиарды қарулы күштерді ұстап тұруға жұмсалады, ал қалған қаражат - ұлттық қауіпсіздік пен ғылыми-конструкторлық жұмыстарды жандандыруға кетеді деп жоспарлаған болатын.