Әзірбайжан экспедициясы Антарктиданы бағындырды

БАКУ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бүгін «Әзірбайжан – Антарктида» экспедициялық тобы өткен жылғы желтоқсанның 24-інде бастаған жорығын сәтті аяқтап, Оңтүстік полюске жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘзірТАдж агенттігіне сілтеме жасап. Әзірбайжан мемлекеттік телеграф агенттігінің хабарлауына қарағанда, экспедициялық топ алдарына қойған қоғамдық, саяси, ғылыми маңызы бар міндеттерді түбегейлі жүзеге асыру мақсаттарына жетті. Атап айтар болсақ, Антарктиданың ең биік шыңы ? 5000 метрлік Винсон тауында ауа райымен байланысты 500-ден астам аса құнды метеорологиялық байқаулар жүргізілді.Экспедицияның басты жетістіктерінің бірі ? Оңтүстік полюске Әзірбайжан мемлекетінің туы тігіліп, Гайдар Әлиевтің: «Мен әзірбайжандық екеніме мақтанамын!» деген сөзі жазылып, суреті салынған қола тақта орнатылды, оның келесі бетіне: «Әзірбайжан, Илхаммен бірге алға!» деген жазу қашап жазылған және қазіргі ел президентінің суреті салынған.
Соңғы жаңалықтар