Әзірбайжан инфрақұрылымдарды жаңартқаннан кейін ресей газын Иранға транзиттеуді жүзеге асыруға дайын

БАКУ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Әзірбайжан инфрақұрылымды, атап айтқанда компрессор стансыларын жаңартқаннан кейін ресей газын Иранға транзиттеуге әзір. Бұл туралы бүгін журналистерге SOCAR компаниясының (Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы) президенті Ровнаг Абдуллаев мәлімдеді.

Әзірбайжан инфрақұрылымдарды жаңартқаннан кейін ресей газын Иранға транзиттеуді жүзеге асыруға дайын
Сонымен бірге ресей газын Иранға транзиттеудің ықтимал шарты Тегранның ол газды Арменияға қайта экспорттауына тыйым салу болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігне сілтемен жасап.Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 15-інде РФ мен Иран мұнай-газ саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Онда Газпром сатып алынған түрікмен газының своптық жеткізілімін Иранның солтүстігіне Парсы шығанағы мемлекеттерінен елдің оңтүстігіне шикізатқа ауыстыруды жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген. Бұл жағдайда газ түрікмен газ құбыры бойынша немесе бүгінгі таңда пайдаланылмай отырған газ құбыры арқылы Әзірбайжан аумағымен жеткізілуі мүмкін.