Әзірбайжан Каспий теңізіндегі бекіре балықтардың санын өсіру бойынша жұмысын жалғастырады
БАКУ. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Республикасы Каспий теңізіндегі бекіре балықтардың саны өсіру бойынша жұмысын жалғастырады.
Бұл туралы бүгін журналистерге ӘР Экология және табиғи ресурстар министрі Гусейнгулу Багировхабарлады.
«Бұдан басқа, Әзірбайжан Каспий теңізіндегі бекіре балықтарды аулау мораторийін ұстануда», - деді министр.
«Әзірбайжанда бекіре шабақтарын өсіру бойынша зауыттар жұмыс істеуде. Бұл зауыттарда ұрғашы бекіре балықтар жетіспеушілігі бүгінгі күні басты проблема болып табылады. Бұрын бекіре балықтарды аулауға лицензиялар алған компаниялар олардың ұрғашыларын жеткізуді өз еркімен міндеттеріне алып жүрді. Бірақ қазіргі мораторийдің енгізілуімен оларға лицензиялар берілмеді», - деп қосып өтті Г.Багиров.
Министр сондай-ақ Әзірбайжанның Каспий теңізіндегі браконьерлікпен мақсатты күрес жүргізіп отырғанын және соңғы уақытта Каспийдің әзірбайжандық секторында осындай факторлардың азайғанын мәлім етті.