Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылығы болашақ режиссерлерге үлкен үлгі бола алады - философ Күмісбала Малтабарова

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылығы болашақ режиссерлерге үлкен үлгі бола алады.

Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылығы болашақ режиссерлерге үлкен үлгі бола алады - философ Күмісбала Малтабарова

Оны филофия ғылымдаының докторы Күмісбала Малтабарова Алматыда өткен КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,  Халық қаһарманы  Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 80 жыл толуына байланысты еске алу кешінде айтты.

 «Режиссер Мәмбетов фенномені» кітабы авторының айтуынша, Әзірбайжан Мәмбетовтің қойылымдарында мазмұн  мен түр ылғи да егіз үйлесімде болады. Бұл сахнадағы бейне үшін үлкен мәнді дүние. Ол кісі  сахнада бейне жасауға ұмтылып, оған қол жеткізді. Оған актерларға айтқан «сендер рөл ойнамаңдар бейне жасаңдар» деген сөзі дәлел бола алды. «Жалпы бейне деген ойдың керемет жүйесі. Оны шығару үшін режиссер автономдық кешенде сырттан тыс көзқараспен әрбір бейнеге өзінің қолтаңбасын енгізіп отырады. Сондықтан оның актерларға осы тұрғыда ашылуға қосқан үлесі зор болды», - дейді Күмісбала Малтабарова.

 Ғалымның пайымдауынша, Әзірбайжан Мәмбетов шығармашылығы болашақ режиссерлерге үлкен үлгі бола алады. Қандай бағытта жұмыс істемесін классикалық ұстанымды ұсынып, оны әдемі көрсете алды.