Әзірбайжан Олимпиада-2012 алтындарын сатып алды деп күдіктенуде

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарында екі алтын үшін Әзірбайжаннан бірнеше миллион доллар алды деп күдік туғызған Халықаралық әуесқой боксшылар ассоциациясына қатысты айыптауларға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізетін болады, деп хабарлайды Reuters.
None
None

Спорт шенеуніктерін сатып алу жөнінде мәліметтерге журналистік зерттеу арқылы ВВС репортерлері қол жеткізіп отыр. ВВС мәліметтеріне сәйкес, әзірбайжандық инвестор жарыстары AIBA қамқорлығымен өтетін Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) ақша аударған, деп хабарлайды Лента.ру.

AIBA бейтаныс Әзірбайжан азаматының 9 млн. АҚШ долларын аудару арқылы бокс ұйымына қаржылық қолдау көрсеткенін мойындап отыр. Алайда ақша 2012 жылғы ойындарда алтын алу мақсатымен аударылды деген пікірді жөнсіз әрі негізсіз деп санауда. Бір қызығы, бұған дейін WSB өкілдері ақшаны швейцариялық компания аударды деп айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар