Әзірбайжан Президенті ҚР Қорғаныс министрін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Ильхам Алиев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметовті қабылдады. Бұл туралы Әзірбайжан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Қорғаныс министрі Серік Ахметов Әзірбайжан басшысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы екі жақты байланыс түрлі бағытта, оның ішінде саяси, экономикалық, энергетика және басқа да салалар бойынша ойдағыдай дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанның Қорғаныс министрі Серік Ахметовтің Әзербайжанға сапары қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейте түсетініне сенімділіктерін білдірді.

Президент Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлеміне ризашылығын білдіріп, Қазақстанның Мемлекеті басшысына да өз сәлемін жеткізуді өтінді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум