Әзірбайжан президентін сайлау датасы белгіленді
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Әзірбайжанда президенттік сайлау 2013 жылдың 9 қазанында өтеді. Бұл жайында аталған елдің орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады ВВС.
ОСК төрағасы Мазахир Панаховтың сөзіне қарағанда, сайлау учаскелері дауыс беру күні үзіліссіз жұмыс істейтін болады.
Учаскелердің жұмысы тоқтағанымен, кезекте тұрып дауыс беруге үлгермеген азаматтар үшін сайлауға қатысуға рұқсат етіледі екен.
Әзірбайжанның 5 миллионға жуық азаматы дауыс беру құқығына ие.
Бұл елдің қазіргі Президенті Ильхам Әлиевке бәсекелес ретінде әзірбайжандық оппозиция мемлекет басшылығына кандидат етіп белгілі жазушы және драматург Рустам Ибрагимбековті шығарды.