Әзірбайжанда 14,5 мың байқаушы тіркелді - сайлау қарсаңы
БАКУ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанда өтетін парламенттік сайлаудың барысын бақылау үшін 14 500 адам байқаушы ретінде тіркеліп отыр. Бұл туралы бейсенбі күні Әзірбайжан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов мәлім етті.
«Округтік сайлау комиссияларында сайлаудың барысын бақылауға ниет білдіргендердің саны 13 мыңнан астамды құрады, халықаралық байқаушылардың саны - 452 адам. 1373 жергілікті байқаушы Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясында тіркелді», - деп мәлім етті. М.Панахов комиссияның бүгін өткен кезектен тыс отырысында.
Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігінің ақпараты бойынша, парламенттік сайлаудың барысын бақылауға Қазақстанның атынан түрлі халықаралық ұйымдар желісі бойныша 40 шақты адам қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, Милли Меджлиске өтетін сайлау қарашаның 7-сіне белгіленген.