Әзірбайжанда әлемдегі ең үлкен «пахлава» тәттісін пісірді
БАКУ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Ұлыстың ұлы күнін тойлауда Әзірбайжан халқы да қалысар емес.
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында қытымыр қыстың қаһары қайтып, елді ерекше көңіл-күйге бөлейтін Наурыз мерекесі әзірбайжандықтардың Сумгайыт қаласында аталып өтуде. Қала кәсіпкерлері тұрғындар үшін ұзындығы 21, ені 5 метр салмағы 5 тонна 300 келі «пахлава» тәттісін пісірді.
Бүгінгі күні қаланың мыңдаған тұрғындары басты алаңға жиналды. Бұл жерде әлемдегі ең үлкен пахлаваның салтанатты «тұсау кесері» болды.