08:34, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Әзірбайжанда білім саласына ақпараттық-коммуникативтік технологиялар белсенді енгізілуде
БАКУ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжан үкіметі білім саласын ақпараттандырудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында салаға ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді енгізе бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл бағдарламаны жүзеге асырудағы мақсат - 10 мыңнан астам әкімшілік қызметкерлер мен мұғалімдерге электрондық оқу ресурстарын әзірлеу тұрғысында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жұмыс істеуді үйрету болып табылады. Олардың қатарында мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, педагогтардың біліктіліктерін жетілдіру жөніндегі оқу орындарының қызметкерлері бар.