Әзірбайжанда экологиялық курорт салынады

БАКУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Бакуге жақын жерде орналасқан Беюк Зиря аралында 1 миллион шаршы метр аумаққа дәстүрлі энергия көздерін тұтынбайтын экологиялық курорт кешенін салу жоспарланып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Демалыс аумағының «экологиялық» қасиеті сол, арал аумағындағы атмосферада көмірсутек қалдықтары болмайды. Курорттағы орын-жайларды жылыту мен желдетуге қажетті энергия балама көздерден ? күн сәулесінен, су мен желден өндірілетін болады. Жобаға сәйкес, курорт Әзірбайжанның жеті тау шыңы түрінде тұрғызылған және аралдың табиғи рельефімен үйлесетін кешендерден тұратын болады. Аралда сондай-ақ 300 вилла, гольф-клуб, жағажай кешені, басқа да нысандар бой көтереді.
Соңғы жаңалықтар