Әзірбайжанда қорықта өрт болды, 2 кішкентай бала көз жұмды
БАКУ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Масаллинск ауданы Гызылагадж ауылының Гызылагадж мемлекеттік табиғат қорығының аумағында өрт болды.
Алдын ала жасалған болжам бойынша орын алған оқиғаның салдарынан 2 бала жанып кеткен. Олар өрт кезінде 16 шаршыметрлік тұруға пайдаланылған вагон түріндегі бөлмеде болған.
Бұл туралы ӘР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт шыққан жерге өрт сөндірушілер шақырылмаған. Қажетті құрылымдар оқиға болған жерде тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.