Әзірбайжанда Наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланады

АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Әзірбайжан Республикасында Наурыз мейрамы 20-26 наурыз күндері жеті күн бойы тойланады. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.

Әзірбайжанда Наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланады

«Наурыздың қасиетті дәстүрлері ежелгі өркениет орталықтарының бірі ретінде Әзірбайжанның даңқын шығарған баға жетпес құндылықтарымыздың бірі», - делінген Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевтің Наурыз мейрамына байланысты ел халқына жолдаған құттықтауында.

Наурыз мейрамы күндері бүкіл елде әртүрлі мерекелік шаралар, концерттер, халық серуені, Бакуде соңғы жылдардың дәстүрі бойынша үлкен отшашу болады.

2009 жылы Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның адамзаттың мәдени құндылықтары тізіміне енгізіліп, БҰҰ Бас Ассамблеясы шешімімен 21 наурыз Халықаралық Наурыз күні деп жарияланды.