Әзірбайжанда Наурыз мейрамын тойлауда

БАКУ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгінгі күннен бастап әзірбайжан халқы өздерінің ең сүйікті мейрамдарының бірі - Наурыз мейрамын атап өтуде.
None
None

Әзірбайжандықтар мерекелік дастархан мәзіріне де көп мән береді. Әдетте мерекелік дастархан жайған әр отбасы дастарханда атауы «с» әрпінен басталатын жеті тағам құрамынан жасалған ас тұруы керек екендігін естен шығармайды. Дастарханға айна, майшам және боялған жұмыртқа қойылады. Аталғандардың барлығының терең символикалық маңызы бар: майшам - адамды зұлым күштерден сақтайтын жарық немесе от, айна - айқындық немесе Жаңа жылдың басталу уақытының белгісі.

Наурыздың айрықша бір нышаны ­- алаудан аттап секіру, бұл адамдардың олардың ескі жылдағы болған барлық қиыншылықтарын оттың ар жағына қалдыруды көздейтіндігін білдіреді.

Биыл елде Наурыз мейрамы 7 күн бойы тойланады.

Соңғы жаңалықтар