Әзірбайжанда Обаманың «сыңары» табылды
БАКУ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Құрама Штаттардың президенті Барак Обамаға қатты ұқсайтын «сыңары» - суретші Асиф Мұстафаев Әзірбайжанда тұрады,
деп хабарлайды «Новости-Әзербайжан» агенттігі ANSPRESS агенттігіне сілтеме жасап.31 жастағы суретші Габлин ауданының танымал адамына айналып шыға келді. Өңі қараторы Афисті ауылдастары бала кезінен «қара бала» деп атап келген екен, ал АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейін оны «Обама» деп атай бастаған. Бұл жағдайдың суретшіге ұнайтыны соншалық, ол Америка президентіне көбірек ұқсау үшін күнделікті костюм киіп жүруді әдетке айналдырған. АҚШ президентінің әзірбайжандық «сыңары» Бакуден келген тележурналистерге берген сұхбатында, арманы - Барак Обамамен кездесіп, оған Әзірбайжан және Таулы Қарабах проблемасы туралы айтып беру екенін жеткізген.