Әзірбайжанда президент сайлауының алдында «тыныштық» орнады

БАКУ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Әзірбайжанда президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шаралары аяқталды.
None
None

2013 жылғы Президент сайлауы аясындағы үгіт-насихат шаралары 16 қыркүйек күні басталып, 8 қазан сағат 8:00-де тоқтатылды. Ал сайлаудың өзі 9 қазан күні өтеді.

Президент сайлауына 10 үміткер қатысады. Олар: «Ени Әзірбайжан» париясының төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, «Үміт» партиясының төрағасы Игбал Агазаде, Әзірбайжан Демократиялық партиясының төрағасы Сардар Джалалоглу, депутат Фарадж Гулиев, өзін-өзі ұсынған Милли Меджилисінің (парламент) депутаты Захид Орудж, Әзірбайжан бірыңғай халық фронты партиясының төрағасы, депутат Гудрат Гасангулиев, «Әділет» партиясының төрағасы, депутат Ілияс Ысмайылов, «Қазіргі заманғы Мусават » партиясының төрағасы Хафиз Гаджиев, Әзірбайжан Әлеуметтік-демократиялық партиясының төрағасы Араз Ализаде және ұлттық қайта жаңғырту партиясының төрағасы, сайлаушылар тобы ұсынған «Демократиялық күштер ұлттық кеңесінен» Джамиль Гасанлы.

Соңғы жаңалықтар