Әзірбайжанда Жалпы ішкі өнім төмендеуде

БАКУ. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Әзірбайжанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, 2009 жылдың қаңтарында елдің Жалпы ішкі өнімі, былтырғы жылмен салыстырғанда, 2,6 пайызға қысқарған, мұндай көрсеткіш республикада соңғы бірнеше жыл бойы байқалмаған,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оған қоса, Жалпы ішкі өнімнің ауқымы аталған кезеңде жан басына шаққанда 19,6 пайызға қысқарып, 267,5 АҚШ доллары шамасын құраған. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың қаңтар айында Әзірбайжанда 3628,4 мың тонна мұнай өндірілгені атап көрсетіліп отыр, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 8 пайызға кем. Газ өндіру саласында да осындай үрдіс байқалып отыр, республикада аталған кезеңде 1901,6 миллион текшеметр «көгілдір отын» өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 4,7 пайызға кем.2008 жылы Әзірбайжан экономикасына 6847,4 миллион доллар шетелдік инвестиция салынған (оның 56,1 пайызы ? тікелей инвестиция), бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 2,6 пайызға артық.
Соңғы жаңалықтар