Әзірбайжанда жер сілкінісінен 500-ге жуық үй қирап қалды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат -  Әзірбайжанның Закатал ауданында мамырдың 7-сі  мен  15-і аралығындағы жер асты дүмпуінен 485 үй қираған,  тағы 56 елді мекенде 6464 үй мен 204 әлеуметтік нысан апатты жағдайда тұр,
None
None

деп хабарлайды BNews.kz Trend сайтына сілтеме жасап.

Үйлері қираған 6 949 отбасының 3 980-і уақытша шатырларда тұрып жатыр, ал қалғандары басқа жерлерге қоныстандырылған. 2 823 отбасыға азық-түлік түрінде көмек берілді.

7 мамыр күні Закатал ауданында 7 балдық жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.  Бұдан кейінгі үш күн ішінде тағы да сегіз рет жер сілкінісі тіркелген.  Зілзаладан қаза тауып, жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

Мамырдың 15 күні тағы да аталған ауданда үш рет жер асты дүмпуі сезілген.

Соңғы жаңалықтар