Әзірбайжанда жүк тиеген қазақстандық көлік аударылды

БАКУ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Әзірбайжанның Гаджигабуль ауданы аумағында Бакуден Грузияға мұнай өнімдерін тасымалдап бара жатқан жүк көлігі апатқа ұшырады.

Әзірбайжанда жүк тиеген қазақстандық көлік аударылды

«Әзірбайжандық теміржолдар» ЖАҚ жүк тасымалдау департаменті басшысының орынбасары Ашраф Мамедалиев хабарлағандай, түнде орын алған апаттың салдарынан 57 вагонның 6-уы поезд рельсінен шығып кетті. Олардың 3-уі аударылды. Айта кетейік, жүк көліктері Бакуден Грузияға газойл жанармайын тасымалдап жатқан еді.

ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы Надыр Азмамедов Баку-Батуми маршруты бойынша жүріп бара жатқан жүк көлігі Қазақстанға тиесілі екендігін айтты. Вагондардың герметикалық беріктігінен мұнай өнімдері төгілген жоқ.

«Вагондар қалпына келтірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп апат өтті Н. Азмамедов.