Әзірбайжандық алаяқ Атырауда ұсталды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әзірбайжандық алаяқ Атырау әуежайында қолға түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Өткен аптада Қазақстанның Интерпол ұлттық орталық бюросының сұратуы бойынша Ақтау қаласының әуежайында 38 жастағы Әзірбайжан Республикасының азаматы Эммин Мамадов ұсталды. Оған Әзірбайжан Республикасының құқық қорғау органдары жалған құжат пайдаланғаны және аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін өткен жылдың наурыз айынан бастап іздеу жариялаған болатын», - деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Әзірбайжан тарапы экстрадициялау материалдарын дайындауда. Күдіктіні сол елдің құқық қорғау органдарына тапсыру амалдары қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар