23:09, 09 Қазан 2013 | GMT +5
Әзірбайжанның билеуші партиясы Илһам Әлиевтің президенттік сайлаудағы жеңісін атап өтуде
БАКУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бакуде бүгін «Ени Әзірбайжан» билеуші партиясы өз кандидаты - Президент Илһам Әлиевтің бүгін өткен президенттік сайлаудағы жеңісі құрметіне митинг өткізді.

«Ени Әзірбайжан» партиясының жақтаушылары Бакудің орталығындағы саябақтардың бірі - «Сахильде» жиналып, жеңіс ұрандарын көтерді.
Бүгін exit-poll өткізген ұйымдар жариялаған алдын ала мәліметтер бойынша, Президент Илһам Әлиев сайлаушылардың 80 пайыздан астам дауысына ие болды. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері таяудағы сағаттарда белгілі болады деп күтілуде.
ӘР ОСК мәліметтері бойынша, Әзірбайжан президенті сайлауында тіркелген 5 145 643 сайлаушыдан 3 720 643 сайлаушы ( (72,31%) дауыс берді.