Әзірбайжанның билік жүргізуші партиясының жастар ұйымы ТМД аясында жаңа құрылым құруды ұсынуда

БАКУ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - «Тренд» агенттігінің хабарлауынша, Әзірбайжанның билік жүргізуші «Ени Әзірбайжан» партиясының жастар ұйымы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіретін құрылым құруды ұсынуда.
None
None

«Ени Әзірбайжан» партиясы жастар одағының халықаралық қатынастар бөлімінң меңгерушісі Рамин Мамедов партиялық газетке берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Р.Мамедовтың айтуынша, «Біртұтас Ресей» партиясының «Жас гвардия» жастар ұйымының төртінші съезінде әзірбайжан тарабының осынау ұсынысына басқа халықаралық ұйымдар тарапынан қызу қолдау білдірілген.

«Ірі жастар ұйымдарының өкілдері түрлі шараларда жиі кездесіп тұрады. Бірақ, олардың жұмыстарын үйлестіретін ешқандай құрылым жоқ. Ондай ұйым құрылғаннан кейін өзара тәжірибе алмасу, талқылаулар ұйымдастыру мүмкіндіктері кеңейе түспек»,- деп мәлім етті Р.Мамедов.

Соңғы жаңалықтар