Әзірбайжанның Ell&Nikki дуэті «Еуровидение-2011» байқауының жеңімпазы атанды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Финалына 25 ел қатысқан «Еуровидение-2011» халықаралық музыка байқауы аяқталды, деп хабарлады 1NEWS.AZ.

Әзірбайжанның Ell&Nikki дуэті «Еуровидение-2011» байқауының жеңімпазы атанды

Аталмыш ақпарат агенттігі хабарлағандай, көрермендердің дауыс беруі мен кәсіпқой қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы болып әзірбайжандық Ell&Nikki дуэті аталды.

«Еуровидение-2011» байқауы Германияның Дюссельдорф қаласында өткізілді.

Әзірбайжанның атынан байқауға Эльдар Касумов пен Нигяр Джамал өздерінің «Running scared» әнін ұсынды.