Әзірбайжанның НАТО-мен арадағы ынтымақтастық деңгейіне көңілі толмайды

КУ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Берік Хамидов/ - Әзірбайжан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықта тоқырау пайда болды. Бұл туралы бүгін журналистерге Әзірбайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Араз Әзімов мәлім етті.
None
None

«Тар саяси, біржақты ұстанымды ұстанған НАТО-ның бірнеше мүшесі Солтүстікатлантикалық альянс пен Әзірбайжан арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі Жеке қызмет жоспарының үшінші сатысын бекітуді кешіктіріп отыр. Бұл жағдай біздің қол-аяғымызды байлап тастағандай», - деді А.Әзімов.

Егер жоспар бекітілмесе, ынтымақтастықтың жалғасуы тоқтап қалады. Бұл мәселе бірнеше айға жалғасып келеді, сондықтан Әзірбайжан тарабы бұған алаңдаушылық танытуда, деп атап өтті министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар