Әзірбайжанның оңтүстігінде 20 ауыл су астында қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Әзірбайжанның Масаллин ауданында толассыз жауған нөсерден өзендер арнасынан шығып, оның салдарынан 20-дан астам ауылды су басып қалды,

Әзірбайжанның оңтүстігінде 20 ауыл су астында қалды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Кейбір елді мекендерде су деңгейі бір метрге дейін жеткен. Зардап шеккен ауылдардың тұрғындары көшірілді. Су тасқынынан ауданның бір бөлігі электр жарығынсыз қалды.