Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы Ильхам Әлиевті президенттік сайлауға қатысушы кандидат ретінде тіркеді

БАКУ. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Ильхам Гейдар оглу Әлиевті президенттік сайлауға қатысушы кандидат ретінде тіркеді.

Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы Ильхам Әлиевті президенттік сайлауға қатысушы кандидат ретінде тіркеді

Әзірбайжанның ОСК отырысында сенбі күні үкімет басындағы «Ени Әзірбайжан» партиясынан үміткер ретінде партия төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің кандидатурасы бекітілді.

Бұған дейін алты үміткердің құжаттары ОСК-ға ұсынылған болатын. Олар - «Ени Әзірбайжан» партиясынан кандидат - партия төрағасы, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, «Азадлыг» партиясынан кандидат - партия төрағасы Ахмед Орудж, Азаматтар және даму партиясынан кандидат - партия төрағасы Әли Әлиев, Әзірбайжан либералды партиясынан кандидат - партия төрағасы Фуад Әлиев,өзін өзі ұсынған заңгер Ильгар Мамедов (Алтай) және «Умид» партиясының төрағасы Игбал Агазаде.

Президенттік сайлау 9 қазан күні өткізіледі.