Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі мемлекет басшысы өз бәсекелестерінен айтарлықтай артық дауыс жинап жеңіске жетті.
Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Ильхам Әлиев 3 118 287 дауыс (84,59 пайыз) жинады.
Бұл туралы бүгін Бакуде өткен баспасөз мәслихатында ОСК төрағасы Мазахир Панахов хабарлады.
«Барлық округтер мен учаскелердің көрсеткіштері уақытында келіп түсті. Алайда, әзірге мәжбүрлі түрде қоныс аударылғандар дауыс берген 26 учаскенің хаттамасы алынған жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта 5492 учаскенің 5466-ның қорытындысы белгілі болды», - деді М.Панахов.
Оның сөзіне қарағанда, алынған мәліметтерге сәйкес, басқа үміткерлердің жинаған дауыстары төмендегідей болды: Джамиль Гасанли - 5,54 пайыз, Игбал Агазаде - 2,38 пайыз, Гудрат Гасангулиев - 1,98 пайыз, Захид Орудж - 1,45 пайыз, Ильяс Исмайлов - 1,07 пайыз, Араз Ализаде - 0,86 пайыз, Фарадж Гулиев - 0,86 пайыз, Хафиз Гаджиев - 0,66 пайыз, Сардар Джалалоглу - 0,61 пайыз.