«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі мен Батыс музейі меморандумға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 15 қыркүйегі күні еліміздегі іргелі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММҚК арасында музей ісін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі.
None
None

Меморандум Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағыттарды әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге асып отыр.

Онда екі музей арасында ғылыми-зерттеу, экспозиция және көрме жұмыстары, қор сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану, бірлескен музейлік жобалар, конференция, семинар, экспедиция т.б. жұмыстарды дамытуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар