«Әзірет Сұлтан» мешіті дін тақырыбындағы мақалаларға бәйге жариялады

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті Ислам дінінің асыл құндылықтарын ғылыммен, заман және қоғам талабымен, ұлттық рухани бастауларымызбен ұштастыра қалам тербейтін қарымды қаламгерлердің еркін тақырыптағы рухани, танымдық, діни мақалаларына республикалық бәйге жариялайды.
None
None

Бұл туралы аталған мешіттің www.muslim.kz ресми сайтынан хабарланды.

Бәйге талаптары: мақала қазақ немесе орыс тілінде жазылуы тиіс; Ұсынылған мақала 14 қарпімен терілгенде, А4 форматындағы 5 беттен аспауға тиіс; Қолданылған жағдайда Құран аяттары мен пайдаланылған әдебиеттердің сілтемелері көрсетілуі керек;  Мақаланың электронды нұсқасы мен қатысушы туралы мәлімет (толық аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы, қызметі) 2012 жылдың қазан айының 1 жұлдызына дейін hazratsultan@gmail.com электронды поштасына жіберілуі шарт.

Қоржынға түскен мақалалар мешіттің Muslim.kz порталында жарияланып отырады.

Бәйге жүлделері:

Бас бәйге - 200 000 теңге;

І орын - 150 000 теңге;

ІІ орын - 75 000 теңгеден (2 адамға);

ІІІ орын - 50 000 теңгеден (3 адамға);

Ынталандыру сыйлықтары - 20 000 теңгеден (5 адамға).

Соңғы жаңалықтар