«Әзірет Сұлтан» мешіті «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын өткізеді

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Қасиетті Құрбан айт, қазан айының 16-17 күндері «Әзірет Сұлтан» мешіті «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын өткізеді. Мешіт ұжымы акцияға қатысушы жамағаттың құрбандыққа шалатын мал еттерін Астана қаласында және елорда маңындағы елді мекендерде тұратын әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға үлестіреді. Бұл туралы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Әзірет Сұлтан» мешіті «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын өткізеді

Акция бағдарламасы бойынша 16 қазан құрбандық малдарын шалынады. Бұдан бөлек, акцияға қатысушыларға «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан «Алғыс хат» тапсырылып, ас беріледі.

Тоқтала кететін жайт, шара «Астана-Қосшы» бағытындағы жол бойында орналасқан «Алтын таға» базарында өтеді. Ал 17 қазан күні құрбандыққа сойылған мал еттері таратылады. Еттерді тарату бағыттары: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Шалқар және Мәншүк ауылдары; Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылы және Сабынды медресесі; Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Төңкеріс ауылы; Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка және Привечный ауылдары; С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті жатақханасы; «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген Астана тұрғындары.