«Әзірет Сұлтан» мешіті жамағат үшін «сұрақ-жауап» жәшігін орнатты
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жамағаттың көкейдегі сұрақтарына жауап беру үшін «Әзірет Сұлтан» мешіті арнайы «сұрақ-жауап» жәшігін орнатты.
ҚМДБ мәліметіне қарағанда, «сұрақ-жауап» жәшігіне келіп түскен сұрақтарға бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы әр жұма намазынан кейін жауап беретін болады.
«Бүгінде кез келгеннің қолы интернетке жете бермейді. Әйтпесе, «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты muslim.kz сайтында арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі бар. Бұл бөлімге сұрақ қоятындардың басым көпшілігі - интернетті жақсы меңгерген жастар. Сондықтан да, біз интернеттен алшақ азаматтарымызға арнап осындай «сұрақ-жауап» жәшігін қоюды ұйғардық. Бұл бастамамыз жамағатымыз үшін пайдалы болады деп сенеміз»,-дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы.