«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамына «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сарыағаш ауданындағы мәдениет үйінде ауданның экономикасы мен рухани дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері еленіп, марапаттау іс-шарасы болып өтті.
Дәлірек айтқанда, аудандық мәслихаттың шешімімен бірқатар азаматтарға ауданның құрметті азаматы атағы берілді. Соның ішінде елімізге танымал, дін қайраткері ҚМДБ-ның найб мүфтиі Серікбай қажы Ораз мырзаға «Сарыағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Оны салтанатты түрде аудан әкімі Мақұлбаев Әбдібақыт мырза табыс етті, деп хабарлады muslim.kz.