«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы тағайындалды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы тағайындалды.
None
None

Мешіттің бас имамы Серікбай Ораздың ұсынысымен наиб имам Минуаров Қуат Ерғалиұлы осы қызметке лайық деп танылып, ресми түрде бекітілді.

Минуаров Қуат Ерғалиұлы «Әзірет Сұлтан» мешіті жамағатына бұрыннан таныс. Кісілік келбетіне көркем мінезі жарасқан азаматтың осы уақытта дейінгі атқарылған бар шарада қолтаңбасы бар десек, қателеспейміз. «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы наиб имам қызметін атқарған Қуат ұстаздан тәлім алып, діни сауат ашқан шәкірттер саны да бүгінде біршама. «Қашан көрсеңіз де, мешіт жұмысынан мойны бір босамайтын қажырлы жанды жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына толағай табыс тілейміз!», - деп жазады muslim.kz.

Соңғы жаңалықтар