«Азия аруы Санкт-Петербург» байқауында үш қазақстандық бірден көзге түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азия аруы Санкт-Петербург 2016» II халықаралық сән дарын байқауында Қазақстаннан үш ару бірден арнайы атақ иегерлері атанды, деп хабарлады UlanMedia ақпараттық агенттігі.
Іріктеу турының жарқын, белсенді, сұлу 20 финалшылары басты тәжге таласты. Олардың ішінде Башқұртстан, Тыва, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Байкал өлкесі, Моңғолия, Қырғызстан өкілдері бар.
30 қарашада «У Финляндского» концерт залында сән, сымбат, сұлулық жарысы мәресіне жетті. Қатысушыларға, әртістерге, ұйымдастырушыларға, көмекшілерге, стилистерге, визажистерге, демушілерге, әріптестерге мерекені ұйымдастырғаны үшін рахмет!», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Сонымен «Экзотика аруы» Әсем Шадиярова, Kazakhstan beauty face аруы - Аида Базарова атанды. ZhamsOchir бренді аруы Динара Татаева болды. Байқау жеңімпазы Бурятия өкілі Александра Цыбикжапова.
-