15:19, 25 Қыркүйек 2021 | GMT +5
«Азия Авто Қазақстан» компаниясы басшысының өліміне қатысты тергеу басталды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Азия Авто Қазақстан» компаниясы басшысының өліміне қатысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Азия Авто Қазақстан» АҚ басшысы Антон Ненаховтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
23 қыркүйекте аталған факті бойынша Өскемен қалалық Полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігімен (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қылмыстық іс бойынша тиісті сот -медициналық сараптамалар тағайындалған