«Азия балалары» ойындары: Астаналық спортшысы «күміс» олжалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде өтіп жатқан астаналық Ксения Шевчук аралас «достық» эстафетасында күміс медаль олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ксения Шевчук Олимпиадалық резерв дайындау орталығының және №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Ойындарды ұйымдастырушылар шаңғы жарысының бағдарламасына жаңа сайыс түрін - «достық» эстафетасын енгізген. Онда командалар компьютердің көмегімен жеребе тастау арқылы әртүрлі қатысушы-командалардың өкілінен құрылады.

«Эстафетада барлығы 20 жасақ бәсекеге түсті. Әр кезеңде спортшылар 3 шақырым бағындырды. Ксения екінші кезеңге түсті. Ол эстафетаны Сібір федералды округының спортшысы Валерия Смоличтен қабылдап алды. В.Смолич бірінші эстафетада 09 минут 56 секунд көрсеткішпен көш бастады. Екінші кезеңді бағындыруға елордалық спортшы 11 минут 35 секунд жұмсаған. Эстафетаны Сахалин облысының шаңғышысы Мария Коломиец аяқтады. Оның уақыты - 11 минут 16 секунд. Эстафетаның ережесіне сәйкес, жарыс қорытындысы әр команданың қатысушыларының қашықтықты бағындыруға жұмсалған ең аз уақыты бойынша шығарылды. Ксения, Мария және Валерия, жалпы алғанда, 32 минут 48 секундта жарысты аяқтады», - делінген басқарма хабарламасында.

Аталған спортшылар Полина Милузова (Сібір Федералды Округы), Дарья Морозова (Сахалин облысы) және Анна Карпецтің (Қиыр шығыс Федералдыокругы) командасынан 16 секундқа қалып қойған. Қола жүлде Қазақстан Республикасының өкілі Айша Ракишеваға (10 минут 20 секунд) мәскеулік Мария Ляминаға (10 минут 47 секунд) және Сахалин облысының спортшысы Анастасия Ткаченкоға (11 минут 54 секунд) бұйырды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық шорттрекшілердің «Азия балаларында» алтын және күміс жүлдені жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар бұған дейін жас биатлоншы Вадим Куралес бір алтын, бір қола, ал Арина Шешукова күміс медальді өңіріне таққан еді.

17 ақпанда мәреге жететін «Азия балалары» ойындарында жасы 16-дан аспаған спортшылар өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар