Азия біріншілігі: Карина Ибрагимова әлем чемпионын ұтып, финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Карина Ибрагимова жартылай финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері К.Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Нести Петесиомен жұдырықтасты.

Н.Петесио – 2019 жылы әлем чемпионы атанған танымал спортшы. Дегенмен Карина бойы мен қолының ұзындығын жақсы пайдаланып, қарсыласын жақындатпай ұруға тырысты. Бұл тактика өз жемісін берді. Екінші раундта филиппиндік боксшы рефериден ескерту де алды. Қазақстандық спортшының жеңгеніне төрешілер де ешқандай күмән келтірген жоқ – 5:0.

Осылайша, Карина Ибрагимова Жайна Шекербекова мен Алуа Балқыбековадан кейін финалға шықты.

Енді бүгін Қазақстаннан рингке шығатын Дариға Шәкімова мен Гүлсая Ержан ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін тоғыз қазақстандық боксшының финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты.

Мәдина Нұршаева Азия чемпионатында «қоланы» қанағат тұтты.

Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір «қола» түсті.

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты.

Жазира Орақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.


Фото: prosports.kz

Соңғы жаңалықтар