Азия чемпионаты: 5 мамыр күні шаршы алаңға шығатын боксшылар белгілі болды
АСТАНА.KAZINFORM - Өзбекстанда өтіп жатқан U15 және U17 санатындағы Азия чемпионатының үшінші күні 6 отандасымыз жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Бокс федерациясы хабарлады.
Күндізгі сессия. 11:00. U15
49 келі. 1/8 финал
Бақдәулет Ахмет - Паршант (Үндістан)
61 келі. 1/4 финал
Рауан Тоғызбай - Илья Мехраби (Иран)
70 келі. 1/4 финал
Аян Бауыржан - Мехул Рана (Үндістан)
Кешкі сессия. 15:30. U17
54 келі. 1/8 финал
Әділет Галиев - Пал Нивеш (Үндістан)
80 келі. 1/8 финал
Әлібек Алпамыс - Ханжра Жайдип Сингх (Үндістан)
+80 келі. 1/8 финал
Сабыржан Сағым - Фарходжон Бахадиров (Өзбекстан)
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогын үздік үштікте аяқтады.