Азия чемпионаты: Су спортынан Қазақстан құрамасы Қытайдан жеңілді

Қазақстан қыздар құрамасы Қытайдан жеңілді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында су добынан сынға түскен Қазақстан қыздар құрамасы Қытай құрамасынан 9:14 есебімен жеңілді.

Бұл сында біздің команда сапынан Алина Озкая, Яна Мартынова, Ариадна Затыльникова, Яна Смолина, Дарина Сембек, Юлия Дружинина мергендігімен көзге түсті.

Енді Қазақстан құрамасы 8 наурыз күні Өзбекстан, 9 наурыз күні Таиланд құрамасымен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр. 

26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді. 

Соңғы жаңалықтар