Азия чемпионатында үш спортшымыз жеңіс тұғырына көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының көшбасшылары Әділбек Мусин, Софья Сподаренко және Егор Попов алтын медаль иегері атанды. 

Азия чемпионаты
Фото: qaz_olympics / Kazinform

Алтын жүлдені еншілеген Әділбек Мусин мен Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Азия рекордын жаңартты. Сондай-ақ бүгін тағы В тобында ерлер арасында 200 метрге шалқалай жүзуден қазақстандық Егор Попов жеңіске жетті. Бұл сында екінші, үшінші орындарды Үндістан спортшылары өзара бөлісті. 

Жүзу. Ерлер. А тобы. 50 м баттерфляй

1-орын – Қазақстан - Әділбек Мусин - 23.40 (Азия чемпионатының рекорды)

2-орын - Өзбекстан - 23.59

3-орын - Вьетнам - 24.12

Жүзу. Әйелдер. А тобы. 50 м баттерфляй

1-орын – Қазақстан Софья Сподаренко - 26:42 (Азия чемпионатының рекорды)

2-орын - Таиланд - 26:50

3-орын - Вьетнам - 27.90