Азия чемпионаты-2012: Су добынан Қазақстанның қыздар құрамасы жапондықтардан басым түсті
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Су добынан Қазақстанның қыздар құрамасы Азия чемпионатының екінші кездесуінде жапондықтарды 12:8 есебімен жеңді,
деп хабарлайды sportlive.kz порталы.
Бұл додада олимпиада жолдамасы сарапқа салынады.
Айта кетейік, кеше Қазақстанның әйелдер құрамасы өздерінің алғашқы ойындарында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері - Қытай спортшыларынан 8:21 есебімен жеңілген болатын.
Чемпионат жеңімпазы мен жолдама иегері ертең Қытай мен Жапония арасындағы кездесуден кейін белгілі болады.
Азия біріншілігіне Алан Балфанбаев жаттықтыратын ұлттық құрама сапында Галина Рытова, Айжан Ақылбаева, Әсел Жақаева, Екатерина Гариева, Александра Роженцева, Анна Турова, Кәмила Зәкірова, Людмила Чегодаева, Әсем Мұсарова (барлығы «Айша-бибі» командасынан, Тараз), Марина Гриценко мен Анна Зубкова (екеуі де - «Югра», Ханты-Мансийск), Наталья Александрова мен Дарья Васильева («Штурм-2002», Мәскеу облысы) аттанған болатын.