19:05, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
Азия чемпионаты: Әбілхан Аманқұл қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ташкентте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Әбілхан Аманқұл шаршы алаңда сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандықтың қарсыласы Сирия елінің өкілі Абдул Аззиз болатын. Жекпе-жек бірінші раундтан аспады, сириялық боксшы қатарынан үш нокдаун алғаннан кейін төреші сайысты тоқтатты. Осылайша, Әбілхан Аманқұл жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Азия чемпионатында жерлестеріміз Қайрат Ералиев (56 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі) және Василий Левит (91 келі) жартылай финалға өтсе, Ержан Жомарт (49 келі) пен Әділет Құрметов (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.