Азия чемпионаты - Астанада өтетiн Әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындық - Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентi

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Азия чемпионаты - Астанада өтетiн Әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындық болып табылады. Бұл туралы бүгiн Астанада ауыр атлетикадан өтiп жатқан Азия чемпионаты барысында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентi (IWF) Томаш Аян мәлiм еттi.

Азия чемпионаты - Астанада өтетiн Әлем чемпионаты қарсаңындағы дайындық - Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президентi

"Астанада өтiп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионаты келесi жылы осында өткелi отырған Әлем чемпионатына дайындықты қамдау болып табылады. Мен бүгiнгi чемпионаттың өзге бiрiншiлiктерге қарағанда ерекше ұйымдастырылғанын және жоғары деңгейде екендiгiн көрiп отырмын. Шараны осындай биiк сапамен ұйымдастырған мемлекет басшылығына алғыс айтамын. Келесi жылы қыркүйекте бiз тағы да осы Астанада Әлем чемпионатында кездесетiнiмiзге қуаныштымын. Оның бүгiнгiдей керемет деңгейде ұйымдастырылатына сенiмiм зор", - дедi Т.Аян.

"Қазақстандық зiлтемiршiлер әлемде үлкен танымалдылыққа ие. Сiздердiң елден Лондон Олимпиадасына барған төрт ауыр атлет алтын медаль жеңiп алды. Оның бiрi Илья Ильин екi дүркiн Олимпиада чемпионы атанды. Бұл нәтижелер дүниежүзiн таңқалдырды. Қазақстандықтар ауыр атлетикамен айналысып, атақты спортшыларын әспейттеп қана қоймайды, сонымен қатар аталмыш спорттың мәнiн терең ұғынған және оның дамуына үлкен күш салуда", - деп атап өттi IWF президентi.

Айта кетейiк, 22-25 мамыр аралығында елордада "Сарыарқа" велотрегiнде ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Оған "сары құрлықтың" 22 мемлекетiнен 800-ден астам спортшы қатысуда.