Азия чемпионаты: Боксшы қыздардың алғашқы қарсыластары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Вьетнам елінің Хошимин қаласында бокстан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионаты: Боксшы қыздардың алғашқы қарсыластары анықталды

Кеше жеребе тастау рәсімі өтіп, отандастарымыздың алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Азия чемпионатында 22 елден 118 спортшы бақ сынайды. Бұл додада  Қазақстан құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді.

Қазақстан боксшыларының қарсыластары:

48 кг Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Хе Лин Юн (Қытай),

51 кг Назым Қызайбай (Қазақстан)  - Чанг Ю Янь (КНР)

54 кг Дина Жоламан (Қазақстан) - Ким Сонг Сим (Солтүстік Корея) 

57 кг Назым Ищанова (Қазақстан) - Нур Сабрин Бинте Мохд Фаизал (Сингапур)

60 кг Римма Волосенко (Қазақстан) - О Еонжи (Оңтүстік Корея).

64 кг Мәдина Нұршаева (Қазақстан) - Туйен Нгуен (Вьетнам)

69 кг Валентина Хальзова (Қазақстан) - Судапорн Сисонди (Таиланд)

75 кг Дариға Шәкімова (Қазақстан) - Янг Юн Ху (Солтүстік Корея)

81 кг Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) - Нхи Тран (Вьетнам)

+81 кг Мөлдір Базарбаева (Қазақстан) жарысты екінші айналымнан бастайды.

Бүгін 48, 54 және 60 келі салмақтағы боксшылар шаршы алаңға шығады. Айта кетейік, Азия чемпионаты 2-8 қараша аралығында өтеді.