Азия чемпионаты: бүгін Қазақстанның волейболшылары алғашқы ойынын өткізеді
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Тайландта әйелдер командалары арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионаты басталады.
Аталған спорт додасына Австралия, Моңғолия, Қазақстан мен Тайландтың волейбол командалары қатысады. Бүгін Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізеді. Олардың қарсыластары - Тайланд. Бұл ойынды «Қазспорт» телеарнасынан сағат 13:00-де тікелей эфир арқылы көруге болады.