Азия чемпионаты: Қазақ волейболшылары жарыс қожайындарын қапы қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Сурабаяда ерлер командалары арасында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандастарымыз жарыс қожайындарын қапы қалдырып, екінші жеңістеріне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионаты: Қазақ волейболшылары жарыс қожайындарын қапы қалдырды

«А» тобында сынға түсіп жатқан жерлестеріміз екінші ойында алаң иелері Индонезиямен кездесіп, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтып кетті. Енді Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің үшінші ойынын осы топтағы екінші ойында Катар құрамасынан 3:0 есебімен ұтылған Сауд Арабиясымен өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші матчында партия бойынша 2:0 есебімен Катар командасынан басым түскен болатын.