Азия чемпионаты: Қазақстандық 5 боксшы жартылай финалға өтті

ҰЛАНБАТЫР. ҚазАқпарат - Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекелері аяқталды. Қазақстан сапынан бес боксшы турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азия чемпионаты: Қазақстандық 5 боксшы жартылай финалға өтті

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, 49 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаң иесі – моңғолиялық боксшыдан басым түсті.

Қытай боксшысын ұтқан 56 келідегі Бейбарыс Жексен де жартылай финалда жұдырықтасады.

69 келідегі Марғұлан Айдарұлы ирандық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті.

Сондай-ақ, Үндістан боксшысынан айла асырған Дархан Дүйсебай (64 келі) ½ кезеңде бақ сынайды.

Ал 75 келідегі Азамат Бектас ширек финалда кореялық қарсыласынан мықтылығын дәлелдеді.