Азия чемпионаты: Қазақстандық велотрекшілер «алтын» мен «күміс» еншіледі

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Үндістанның астанасы Дели қаласында өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық велотрекші Диас Өмірзақов ересектер арасында күміс жүлдеге ие болса,
None
None

Магомед Мамедов жасөспірімдер арасында құрлық чемпионы атанды, деп хабарлады «Аламан» спорт порталы.

Велотрекші Магомед Мамедов жасөспірім ұлдар арасындағы пурсит жарысында алтын медаль алды. «Күміс» пен «қоланы» Кохей Сузуки (Жапония) мен Мохамад Фарад Разали (Малайзия) сәйкесінше иеленді.

Ал ересектер арасында Диас Өмірзақов төрт шақырымдық жекелей пурсут жарысында күміс жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар